National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Францияға ресми сапар қорытындысына арналған брифинг

2015 жылғы 06 қараша

 

Мемлекет басшысы брифингте сапарының жоғары деңгейде өткенін және француз тарапы айрықша қонақжайлық көрсеткенін, бұл – екі елдің тығыз серіктестік орнатып отырғанының айғағы екенін атап өтті.

Біз Францияның бұрынғы басшылығымен стратегиялық серіктестік туралы уағдаласқан едік. Бүгінде 34 ірі жоба іске асырылды, 24-і жүзеге асырылу кезеңінде тұр, кешегі бизнес форумда жасалған келісімшарттар мен келісімдерге сәйкес тағы ондаған жоба болашаққа жоспарланған, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Францияның еуропалық аренадағы салмақты орны бар ел екеніне, экономиканың көптеген салаларында, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарда келе жатқанына назар аударды.  Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық сектордағы бірлескен жобалар жөнінде жасалған уағдаластықтардың біздің ел үшін зор мәні бар екенін де айтты.

Біз машина жасау, химия индустриясы, энергетика, білім және медицина салаларында да ынтымақтасатын боламыз. Индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыру ісіне Ұлыбританияның да, Францияның да атсалысқаны біз үшін аса маңызды. Осы сапар және оның барысында өткен келіссөздер елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты бұрынғыдан да жоғары деңгейге көтерді, – деді Мемлекет басшысы. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің