National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

2014 жылғы 07 тамыз

 

Әңгіме барысында екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастық пен еуразиялық кеңістіктегі өңірлік іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Екі мемлекеттің басшылары Украинадағы дағдарыстық жағдай туралы, сондай-ақ Украина Президентімен түрлі форматта, соның ішінде Кедендік одақ мүшелері мен Украина кездесуі немесе ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезектен тыс отырысы аясында тікелей келіссөздер жүргізу жөнінде бірлескен қадамдар қабылдау мүмкіндігі туралы пікір алмасты.  

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей Президенттері тараптардың ұстанымдарын жақындату үшін Әзербайжан және Армения басшыларының Сочи қаласында өтетін алдағы кездесуіне қатысты мәселені талқылады.

Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты Ресей Федерациясының бірқатар елдерден ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік әкелуді шектеу жөнінде қабылдаған қадамдары туралы хабардар етті. Бұл Ресей Федерациясының бір жақты шарасы екені және ол Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше өзге елдерді қатыстыруды қарастырмайтыны атап өтілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің