National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келген құттықтау жеделхаттары

2019 жылғы 20 маусым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына орай, құттықтау жеделхаттары келіп жатыр.  

Черногория Президенті Мило Джуканович Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

«Черногория Қазақстанмен барлық сала бойынша екіжақты ынтымақтастықты нығайта беруге ниетті. Жоғары деңгейдегі саяси диалог екі мемлекеттің қатынастарына тың серпін беретініне сенімдімін. Жуық арада Сізбен кездесеміз деген үміттемін», – делінген жеделхатта.

Палестина мемлекетінің Президенті Махмұд Аббас өзінің құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған Қазақстанды дамыту және өркендету жолында алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін табыс тіледі.

«Сіздің басшылығыңызбен Палестина мен Қазақстанның арасындағы тығыз қатынастар халықтарымыздың мүддесі тұрғысынан нығая түсетініне сенімдімін», – деп жазды Махмұд Аббас.

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қазақстан Президентін айқын жеңісімен құттықтап, Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен орыс православ шіркеуінің епархиясының арасындағы жемісті өзара іс-қимылдар одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.  

«Рухани-ағартушылық, әлеуметтік және білім саласындағы ынтымақтастық елде бейбітшілік пен бақуатты өмір қалыптастыруға септігін тигізетініне сенімдімін», – деп атап өткен жеделхат авторы.

БҰҰ Даму бағдарламасының әкімшісі Ахим Штайнер халықаралық ұйымның жұмысы Қазақстанмен жемісті ынтымақтастыққа бағытталғанын атап өткен.

«Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен плюрализм мен адам құқығының әмбебап құндылықтарын қорғай береді деп сенемін. Сізбен және Сіздің Үкіметіңізбен тығыз ынтымақтастыққа бейілдігіміздің өзгермейтініне сенім білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына өз құттықтауларын ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясының тұрақты хатшылығының Бас хатшысы Мирча Чиопрага, Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Фрэнсис Гарри жолдады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің