National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Нұрсұлтан Назарбаев Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің қайтыс болуына байланысты Израиль Президенті Реувен Ривлинге көңіл айту жеделхатын жолдады

2016 жылғы 28 қыркүйек

Жеделхатта Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің өмірден  өткені туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қазақстан халқы Шимон Пересті парасатты басшы, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға орасан еңбек сіңірген тарихи тұлға әрі беделді саясаткер ретінде әрдайым есте сақтайтын болады» – делінген көңіл айту жеделхатында.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шимон Пересті өзінің адал әрі сенімді досы ретінде құрмет тұтқанын атап өтті.

«Онымен әңгімелесу әрдайым пайдалы еді, сол кездесулерімізді жылы сезіммен еске алатын боламын» – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Израиль Президенті Р.Ривлинге және барша Израиль халқына көңіл айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің