National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңестің «Орталық Азиядағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбымен өткен отырысы

 

Отырысқа мемлекеттік органдардың жетекшілері, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің басшылары, сондай-ақ бейінді қазақстандық ғылыми-зерттеу институттардың сарапшылары қатысты.

Талқылау барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Ә.Жақсыбеков сырттан келетін және ішкі эпидемиологиялық қауіп-қатерлердің өсуі жағдайында Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігін күшейту мақсатында профилактикалық және алдын алу шараларын уақтылы қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сарапшылар Орталық Азияда санитарлық-эпидемиологиялық тәуекелдің өсуіне байланысты алаңдаушылығын білдірді. Жаңа инфекциялық аурулар мен вирустардың (Эбола безгегі, қызылша эпидемиясы, туберкулез, оба және басқалар) тарауы Қазақстан халқының денсаулығына және экономикалық тұрақтылығына қатер төндіретіндігі атап өтілді.

Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтерін дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ бұл саладағы халықаралық ынтымақтастықтың болашағы пысықталды.

Ә.Жақсыбеков мемлекеттік саясатты күшейту, ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің инфрақұрылымын жаңарту, азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауды қамтамасыз етуде ведомствоаралық ынтымақтастық механизмдерін жетілдіру қажеттілігін атап өтті.

Жұмыстың қорытындысы бойынша Сарапшылық кеңес тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Мәселе Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысына шығарылады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы