Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Нұрболат Азаматұлы МАҒЗҰМОВ 1987 жылы 7 наурызда Қостанай облысының Арқалық қаласында туған. 2009 жылы Ресей Федерациясының Федералды күзет қызметі академиясын бітіріп, 2024 жылы «ESIL University» жоғары оқу орнының магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап 2026 жылға дейін арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет еткен. 2026 жылғы 27 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірқатар ведомстволық және мерекелік наградаларымен марапатталған.