National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент жанындағы комиссиялар

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссия

Комиссия «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 915 қбп Жарлығымен құрылды.

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері жөніндегі комиссия (әрі қарай – Комиссия) туралы құру жөніндегі шешімі Қазақстанның таратпау саласындағы әлемдегі ең танылған жетекшілердің бірі деген дәрежесін одан әрі бекітуге арналған бағыттағы іскер қадам. Қазақстанның ядролық қарусыздануда мол тәжірибесі бар. Қазақстан ядролық және басқа да жаппай қырып-жою қарулардан азат әлемге жету идеясының жолын ұстаған елдің үлгісі болуға лайық.

Комиссия Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етумен мемлекеттің халықаралық аренадағы жауапкершілігі едәуір өскен уақытында құрылды. 2010 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-дың мұшелеріне  жолдаған өзінің бейне үндеуінде жаппай қырып-жою қаруын таратпау тәртібін әлсіреу үдерісіне орай әрекет ету Қазақстан төрағалығының күн тәртібінің басты тармағы болады деп атап айтты.

Комиссия таратпау және қарусыздану салаларындағы, оның ішінде, халықаралық таратпау тәртібін қүшейтуге бағытталған ұсыныстарды дайындау мақсатында, Қазақстан Республикасы қызметіне қосымша серпін береді деп жоспарланып отыр.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы