National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады

2022 жылғы 27 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орнының бір жылда атқарған жұмыстары мен алдағы даму жоспары таныстырылды. Сондай-ақ ректор Мемлекет басшысына білім беру үдерісі, ғылыми-зерттеу жұмыстары және университеттің халықаралық жетістіктері туралы баяндады.

Кездесу барысында Жансейіт Түймебаев Президентке ғылыми жобалардың тиімділігі мен кадрлардың әлеуетін арттыру және оқу ордасының 90 жылдығы қарсаңында ҚазҰУ қалашығын қайта жаңғырту жөніндегі ұсынысын жеткізді. Оның айтуынша, 2024 жылға қарай университет еліміздің ғылыми-техникалық дамуының перспективті деген бағыттары бойынша 650-ден астам ғылыми жобаны қолға алмақ. Ректор ғылыми жобалардың нәтижелерін экономиканың нақты секторына айналдыру 20-ға жуық спин-офф компанияларын құру арқылы жүзеге асырылатынын айтты.

Жансейіт Түймебаев жетекші оқу орнындағы ұзақ жылдардан бері қордаланған мәселелерге де тоқталып, оларды шешу жолдары туралы ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, ескірген жатақханалар мен тозығы жеткен оқу корпустарының жай-күйі, 2 мыңнан астам оқытушы мен қызметкердің баспанаға мұқтаждығы жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Президент білім сапасын түбегейлі жақсарту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру мәселелеріне назар аударып, университет басшысының ұсыныстарын қолдады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің