National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президент Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады

2022 жылғы 04 қараша

Мемлекет басшысына сауда саясатын дамытудың жаңа тәсілдері туралы мәлімет берілді. Қазіргі уақытта сауда-саттық саласы еліміздегі жалпы ішкі өнім құрылымында  (18,3%),  жұмыспен қамтылған адамдар (1,45 миллион) мен бизнес субъектілерінің саны (551 мың адам) жөнінен бірінші орында тұр. Сонымен қатар сала бір субъектіге шаққандағы пайда мөлшері және негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейі бойынша артта келеді.

Ұсынылған тәсілдер ішкі нарықты қорғауға, өз өндірісімізді қолдауға және тауар өткізетін жаңа нарықтар ашуға бағытталған. Бұдан бөлек, электронды коммерцияны дамыту, трансшекаралық және ірі сауда-логистикалық хабтарды салу көзделіп отыр.

Кездесу барысында еліміздің интеграциялық одақтардағы қызметі мен еркін сауда аймақтарын құру мәселелері қарастырылды. Серік Жұманғарин Қазақстан делегациясының Иранға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар туралы есеп берді.

Мемлекет басшысы сауда-саттықтың жаңа форматтарын енгізу жұмыстарын күшейту жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ халықаралық нарықтардағы ұлттық экономикалық мүддені белсенді түрде қорғау қажеттігін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің