Қасым-Жомарт Тоқаев Толедо өлкесінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Испания Королі VI Фелипеге, жақынынан айырылған отбасыларға және барша испан халқына көңіл айтты. Сондай-ақ Президент зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.