National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Президент Астанадағы үстел теннисі орталығына барды

2023 жылғы 15 желтоқсан

Елорда нысандарын аралау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ADD Table Tennis Center Astana үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына аталған орталықтың Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) талаптарына толық сай келетіні жөнінде мәлімет берілді. Спорт нысанында республикалық және халықаралық турнирлер өткізуге, сондай-ақ еліміздің ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға болады.

Жалпы ауданы 3700 шаршы метрді құрайтын орталық жарыс кезінде 16, ал жаттығу кезінде 26 теннис үстелін қоюға есептелген. Сонымен қатар мұнда 416 адамға арналған көрермендер трибунасы, жаттығу залы, медицина кабинеті, бапкерлер мен төрешілер бөлмесі бар.

– Әрбір облыс орталығында үстел теннисіне арналған залдар болуы керек. Халық спортпен шұғылдануы қажет, – деді Президент.

 

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің