National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев MODEХ Astana темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды

2023 жылғы 15 желтоқсан

Президент елордағы өндіріс нысандарын аралау барысында MODEХ Astana ЖШС-нің жұмысымен танысты.

MODEХ Astana – BI Group холдингінің еншілес кәсіпорны. Компания 2020 жылдан бастап жұмыс істейді және онда 360 адам еңбек етеді. Жобаның құны – 16 миллиард теңге.

Кәсіпорында индустриялық-модульдік құрылыстың инновациялық технологиялары қолданылады.

BI Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаевтың айтуынша, модульдік үйдің құрылысы әртүрлі ғимарат салу уақытын едәуір қысқартуға, олардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл халықтың басым бөлігі үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуына ықпал етеді.

Аталған технологияны үйлердің, коттедждер мен тұрғын үй кешендерінің құрылысы кезінде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу барысында да қолдануға болады.

Компания құрылған күннен бастап осы технология бойынша жалпы ауданы 200 мың шаршы метрден астам нысандар салды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің