National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдады

2026 жылғы 10 қыркүйек

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігі қызметіндегі басым бағыттарды айқындап, ведомствоға бірқатар нақты міндет жүктеді.

Президент маусымдық төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау, аудандық және ауылдық бөлімшелерді одан әрі дамытып, оларды техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру жөнінде тапсырма берді.

Өрт, өнеркәсіп және сейсмология қауіпсіздігі мәселелеріне, халықты хабардар ету жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ қатерлерді болжау мен ерте анықтау үшін цифрлық шешімдерді, жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аударылды.

Президент ведомствоның кадрлық әлеуетін нығайтып, құтқарушылардың кәсіби даярлығын күшейтуді тапсырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің