National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

2022 жылғы 15 сәуір

Президентке биылғы бірінші тоқсандағы жоғары аудит органы қызметінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде баяндалды.

Осы есептік кезеңде 345 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын қамтитын 14 нысанда 3 аудиторлық іс-шара жүргізілген. Нәтижесінде 30 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға қатысты заң бұзушылықтар анықталған. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына да аралық аудит жүргізілген.

Мемлекет басшысы бүгінде жеткілікті дәрежеде тиімді болмай отырған «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингін реформалау жөнінде тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру жөніндегі тапсырмасының іске асырылуына қатысты Наталья Годунованың ұсынысын тыңдады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің