National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Құқықтық актiлер


Заңдар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

2025 жылғы 30 маусым

Заң Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік және Әлеуметтік кодекстерге, сондай-ақ 14 заңға түзетулер енгізді.

Түзетулердің бірінші блогы үлестік құрылыс процестерінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Түзетулердің екінші блогында инватакси пилоттық жобасын жаппай қолданысқа енгізу көзделген.

Әлеуметтік қызметтер порталында қолжетімді қызметтер санатына мүгедек жандарды инватаксимен тасымалдау қызметі енгізілді. Яғни мүгедектігі бар адамдар өздерінің ерекше қажеттілігіне байланысты көлік шақыруға мүмкіндік алды. Осылайша олардың еркін жүріп-тұруы қамтамасыз етіледі.

Түзетулердің үшінші блогы автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.

Жол саласын цифрландыру мақсатында «Автомобиль жолдары туралы» Заңда жол құрылысы материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын жасақтауға құқықтық негіз пайда болды.

 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің