National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жазушы, белгілі ғалым, алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдығына арналған «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, сөз сөйледі.

Қырымбек Көшербаев Тұрсын Жұртбайдың жазушылық, шығармашылық жолына тоқталып, оның ғалым ретінде атқарған ауқымды жұмысын атап өтті. Мемлекеттік хатшы ғалымның екі томдық «Дулыға» тарихи-танымдық кітабының берер тағылымы мол екенін, Ұлы Абай, данышпан Мұхтар туралы зерттеулеріндегі ойларының өміршеңдігін айтып, «Бейуақ», «Бесігіңді түзе!..», «Талқы», «Мухтар Омарханович Ауэзов», «Құнанбай», «Сүре сөз» еңбектерінің ғылыми құндылығы аса жоғары деп баға берді.

Ал 1922-1937 жылдар аралығындағы, 50-жылдардағы ұлт зиялыларын қудалау, қуғын-сүргінге ұшырату туралы, «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметі басшылары мен мүшелерінің үстінен жүргізілген тергеу істерінің негізінде «Ұраным – Алаш!..» атты үш томдық зерделі зерттеуінің шығуы рухани дүниемізге үлкен серпіліс әкелді.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Мемлекеттік хатшы тарихқа қатысты бірқатар ойын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Соның негізінде тарихи ілім-білімнің  біржақты көзқарастарынан арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасауды, ежелгі және орта ғасырлар тарихына баса назар аударуды ұсынды. Бұдан бөлек Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихын қайта пайымдаудың, еліміздің осы заманғы тарихының толғақты мәселелерін зерттеуді күшейтудің, қазақ диаспораларының тарихын зерделеудің маңызды екеніне тоқталды.

Конференцияға ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, ҚР Президентінің баспасөз-хатшысы Берік Уәли, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және еліміздің белгілі ғалымдары қатысты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы