National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы сарапшылармен конституциялық реформаны талқылады

Бүгін Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қатысуымен «Конституция 2022: Екінші республиканың негізі» атты сарапшылар талқылауы өтті. Жиынға Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, белгілі саясаттанушылар мен заңгерлер қатысты.

Кездесуде Ерлан Қарин Конституциялық кеңес оң қорытындысын берген Ата Заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар жайында сөз қозғады. Мемлекеттік хатшы конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас баланысын оңтайландыруға, халықтың мемлекетті басқару ісіне араласуын кеңейтуге және қазақстандықтардың конституциялық құқығының қорғалуын күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Ұлттық кеңес мүшелері мен саясаттанушылар ел Конституциясына енгізілетін өзгерістерді қолдады. Жиында аталған өзгерістерді әзірлеу барысында Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен ұсынымдары ескерілгеніне назар аударылды.

Кездесу соңында сарапшылар конституциялық реформа қазіргі саяси модельді жүйелі түрде трансформациялауға негіз болады деп қорытынды жасады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы