National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің елімізде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті.

Мемлекеттік хатшы дипломаттарға Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының мән-маңызы туралы айтып, Президенттің жақында Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі қағидаларына тоқталды.

Еліміздің суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу тетіктеріне, соның ішінде, Мәжілісті қалыптастырудың пропорционалды-мажоритарлық жүйесіне, палаталардың өкілеттіктерін кеңейту, саяси партияларды тіркеу тәртібін ырықтандыру, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын жетілдіру, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалау, заң үстемдігі қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы