National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселесіне қатысты жиын өткізді

Мемлекеттік кеңесші Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелер басшылығының және орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен этносаралық келісімді нығайту мәселесіне қатысты жиын өткізді.

Отырысқа қатысушылар этносаралық және конфессияаралық татулықты сақтау, азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас жасау, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған Заң мен Тәртіп идеологиясы қағидаттарын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Жиын соңында Ерлан Қарин жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді нығайту үшін ішкі саясаттың басым бағыттарына байланысты нақты тапсырмалар берді.  


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы