National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Президентімен  кездесті

2022 жылғы 13 қазан

Мемлекет басшысы АӨСШК-тің VI  саммиті аясында Палестина Президенті Махмуд Аббаспен кездесу өткізді.

Президенттер Қазақстан мен Палестина арасындағы өзара іс-әрекетті дамыту перспективаларын қарастырып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.

Өз кезегінде Махмуд Аббас Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы қабылдағаны және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты. Палестина Президенті саммитте қабылданатын шешімдер мен қол қойылатын құжаттар өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің