National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің

Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі

Марат Мақсұтұлы АЙМАШЕВ

1974 жылы 31 тамызда дүниеге келген.

1995 жылы Алматы жоғары әскери училищесін «Бронды танк және автокөлік техникасын пайдалану жөніндегі инженер» мамандығы бойынша бітірген.

1995-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.

2006-2008 жылдары Ұлттық қорғаныс университетінің магистратурасында «Жедел-тактикалық басқару» мамандығы бойынша оқып, тәмамдаған.

2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.

2012-2014 жылдар аралығында – Беларусь Республикасының Әскери академиясы Бас штаб факультетінде білім алған.

2014-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы.

2022-2024 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының Жедел жоспарлау департаментінің бастығы;

2024 жылғы 17 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Айбын» (2018 жылы) және ІІ дәрежелі «Даңқ» (2023 жылы) ордендерімен наградталған.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы