National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольтты қабылдады

2026 жылғы 30 қыркүйек

Германия, Мюнхен қаласы

 

Кездесуде Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешеніндегі бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі экономикалық және технологиялық серіктестерінің бірі саналатынын атап өтті. Президенттің айтуынша, отандық өнеркәсіптің басым міндеттерінің бірі – шикізат шығарудан металды терең өңдеу, озық технологияларды енгізу және қосылған құны жоғары өнім өндірісі моделіне көшу.

Құрамы күрделі мыс шикізатын кешенді өңдеу, ілеспе металдарды алу, қайта өңдеуді дамыту және өңдеудің кейінгі сатысындағы өндіріс нысандарын жергіліктендіру ықпалдастықтың негізгі бағыттары ретінде айқындалды.

Елімізде мыс сынықтарын және техногендік минералдар түзілімін қайта өңдеу бойынша «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы мен Aurubis арасындағы ынтымақтастық әлеуетіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар аталған бағыттағы келешегі бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу мүмкіндігі қарастырылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің