National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

2022 жылғы 09 мамыр

Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Содан кейін Республикалық гвардияның оркестрі Мемлекеттік әнұранды орындады, Құрмет қарауылы ротасы Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.

Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті. Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, ашық аспан тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің