National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан мен Франция президенттері Гиме азиялық өнер музейіне барды

2024 жылғы 05 қараша

Франция, Париж қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон Гиме азиялық өнер музейіндегі «Қазақстан: Ұлы дала жауһарлары» көрмесін тамашалады.

Экспозицияда Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін қамтитын артефактілер ұсынылған. Мәселен, бірінші кезеңде неолит дәуіріне жататын «Тобыл ойшылы» мүсіні қойылған, сондай-ақ Ботай мәдениеті мен жылқыны қолға үйрету дәстүрі бейнеленген. Екінші кезеңде «Алтын адам» әшекейлері арқылы сақтар мен сарматтар секілді алғашқы көшпелі тайпалардың, прото-мемлекеттердің пайда болуы сипатталған. Ал балбалтастар түркі қағанаттары кезеңіндегі ортағасырлық Қазақстан шежіресінен, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шырағдандары қазақ даласындағы ислам дінінің даму үрдісінен,  Қазыбек бидің шапаны Қазақ хандығы мен қазіргі Қазақстанның қалыптасу тарихынан сыр шертеді.

Гиме музейінің негізі 1889 жылы қаланған. Оның қорында Азия өнерінің ең құнды жәдігерлері жинақталған.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің