National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

 

Отырыста Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы 439 өтініш қаралды. Мемлекеттік хатшы 2013 жылы Қазақстан азаматтығын алу үшін Комиссияға бір мыңға жуық адам өтініш білдіргенін атап өтті.

Комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды рәсімдеуді мемлекеттік қызметтер тізбесіне енгізу және осы қызметті электрондық форматқа көшіру жөніндегі Сыртқы істер министрлігінің жұмысы нәтижелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия тиісті шешімдер мен ұсыныстар қабылдады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы