National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

 

Отырысқа қатысушылар сот актілерін орындау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды, сонымен қатар мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтинг жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Ә.Жақсыбеков атап өткендей, статистикалық мәліметтер сот актілерін орындау деңгейі төмендігін көрсетіп отыр. 2013 жылы өндіріп алынуы тиіс болған 2,2 триллион теңгенің іс-жүзінде тек 108 миллиард теңгесі немесе 5 пайызы ғана алынған.

Бұған қоса, сот актілерін орындау саласы сыбайлас жемқорлыққа мейлінше бейім салалардың бірі болып қала беруде.

 – Қалыптасқан ахуал орындаушылық өндіріс жүйесін түбегейлі реформалау, пісіп-жетілген мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттігін көрсетіп отыр, – деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.

Отырыс барысында Әділет министрі Б.Имашевтың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің, Бас прокурор А.Дауылбаевтың, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А. Бәйменовтің есептері тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік органдарға Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауға байланысты бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берді.   

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы