National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысына қатысты

Гүлшара Әбдіқалықова басқосуда сөйлеген сөзінде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа биылғы жолдауында адами капиталды дамыту маңызды міндеттердің бірі ретінде аталғанына тоқталды.

– Қазақстанның одан әрі дамуы мүлде өзгеше ойлау жүйесін қалыптастыруды және тез үйреніп, бейімделе білу қабілетін талап ететін цифрлық дәуірдің жаңа жаһандық трендтеріне сәйкес жүргізілетін болады. Ол үшін біз, ең алдымен, білім саласын жаңа инновациялық индустрияландыру талаптарына бейімдеуіміз қажет, – деді Мемлекеттік хатшы.

Комиссия отырысы аясында Білім және ғылым министрлігінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының іске асырылуы жөніндегі ақпараты тыңдалды, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелер қаралды.

Комиссия шешімімен стипендия әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша оқуға және тағылымдамадан өтуге жіберілетін 76 үміткерге тағайындалды.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жиын қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруды одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы