National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


«Болашақ» бағдарламасы аясында атом энергетикасы мамандары білім алады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Басқосу барысында халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарының тізбесі қаралды. Енді аталған зияткерлік додалардың жеңімпаздары «Болашақ» стипендиясына үміткер бола алады.

Талқылау қорытындысында тізбеге математика, физика, химия, биология және басқа да жалпы білім беретін пәндерден өтетін белді халықаралық олимпиадаларды қосу ұсынылды.

Кейінгі 3 жылда 76 қазақстандық оқушы жалпы білім беретін пәндерге арналған халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанған.

Сондай-ақ отырыс барысында бағдарламаға жаңадан қосылған «атом саласы қызметкерлері» санаты бойынша конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар мен өлшемшарттар талқыланды. Біліктілігі жоғары кадрларды даярлау отандық атом өнеркәсібін сапалы дамытудағы маңызды қадамның бірі болады.

Жиын соңында Ғылым және жоғары білім министрлігіне және Халықаралық бағдарламалар орталығына «Болашақ» бағдарламасы аясындағы конкурстық іріктеудің тетіктерін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы