Жалпы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі -  Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.

Әкімшіліктің  миссиясы Президенттің қызметін  ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.

Әкімшіліктің негізгі міндеттері:

1) Президенттің мына салалардағы:

  • сыртқы саясаты;               
  • әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;
  • қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;
  • құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;
  • кадр саясаты;
  • Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты (бұдан әрі -Парламент);
  • Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі -Үкімет) және орталық атқарушы органдарға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;
  • соттар мен судьяларға қатысты;
  • Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;
  • жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;
  • өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының  (бұдан әрі - Мемлекеттік хатшы), Қазақстан халқы Ассамблеясының және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

3)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын  өзге де міндеттер болып табылады.

Жүктеу: «Әкімшілік туралы ереже»

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 276-VI Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары (бұдан әрі – бюджеттік бағдарламалар) осы бұйрықтың 1 – 5-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаев бюджеттік бағдарламалардың орындалуы үшін жауапты болып белгіленсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Кеңсесінің бастығы                                                                                             Н.Онжанов

 

Бұйрыққа №1 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №2 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №3 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №4 қосымшаны мына жерден қараңыз

Бұйрыққа №5 қосымшаны мына жерден қараңыз