National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулемен кездесті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясы аясында ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулемен кездесті.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО басшысының биылғы маусым айында елімізге ресми сапармен келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін бергенін атап өтті. 

Мемлекеттік кеңесші Қазақстанның осы ұйыммен мәдени және табиғи мұраларды қорғау саласында ықпалдастықты тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді. Жер жүзінде климат өзгеріп жатқан кезеңде ЮНЕСКО-ның қолдауымен Алматыдағы Орталық Азия аймақтық гляциологиялық орталығының дәйекті түрде жүргізіп отырған зерттеулерінің мән-мағынасы зор.

Ерлан Қарин ЮНЕСКО басшысына Ұйымның Алматы қаласындағы Кластерлік кеңсесіне Көпсалалы аймақтық кеңсе (Бюро) мәртебесін беру туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Одрэ Азуле Қазақстанға жасаған сапарын ерекше ықыласпен еске алып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан жүйелі реформаларға, соның ішінде білім, ғылым және мәдениет саласын дамытуға бағытталған іс-шараларға жоғары баға берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 20 мамыр

Мемлекет басшысы «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

2024 жылғы 21 мамыр

Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

Жарлық

2024 жылғы 17 мамыр

Н.И. Қилыбайды тағайындау туралы