National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады

2026 жылғы 13 қазан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильдаға музей экспозициясы, роботты техника аймағы және ЖИ-кинотеатр мүмкіндіктері таныстырылды.

Құрметті қонақтарға Alem.ai орталығын дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы, TUMO Astana білім беру бағдарламасы, сондай-ақ Қазақстан-Бельгия бірлескен жасанды интеллект және математика зертханасының жұмысы туралы мәлімет берілді. Зертханада NeuroLearn (ЖИ, нейроғылым мен бейімдеп оқыту салаларындағы зерттеулер) және ParkScreen (Паркинсон ауруын алдын ала анықтайтын ЖИ скрининг әдістері) секілді бастамалар қолға алынған.

Іс-шара барысында Гент университетінің атынан Қазақстанның талантты оқушылары мен студенттеріне телескоп табысталды. Телескопта Нобель сыйлығының физика саласы бойынша лауреаттары Франсуа Энглердің, Герард ’т Хоофттың және Мишель Майордың, сондай-ақ бельгиялық астронавт Франк Де Винненің қолтаңбасы бар.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің