National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

«БРИКС Плюс» мемлекеттері жоғары өкілдерінің кездесуі өтті

Санкт-Петербург қаласында «БРИКС Плюс» мемлекеттерінің қауіпсіздік мәселелеріне жауапты жоғары өкілдерінің кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Іс-шараға қатысушылар халықаралық қауіпсіздікке төнетін ең өзекті сын-қатерлер мен қауіптер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «БРИКС Плюс» елдерінің өзара ықпалдастығын тереңдету мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы әріптестерін еліміздің өңірлік қауіпсіздік саласындағы негізгі бағыттары бойынша ұстанымынан хабардар етті. Сонымен қатар азық-түлік және су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық терроризм мен киберқауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұруға қатысты бірлескен шараларды үйлестірудің маңызды екенін атап өтті.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы