National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президентінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерін жалпыұлттық қолдау шарасы жөніндегі бастамасы

2014 жылғы 26 желтоқсан

 

Алдағы 2015 жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және ТМД елдеріндегі Ардагерлер жылы болмақ.

Жаңа жыл қарсаңында, 26 желтоқсан мен 30 желтоқсан аралығында Қазақстан Президентінің бүкіл еліміз бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жөніндегі жалпыұлттық бірегей акциясы өтеді.

Республикада тұратын 5115 соғыс ардагерінің әрқайсысына облыс, қала және аудан әкімдері арнайы барып құттықтап, Мемлекет басшысы атынан жаңажылдық сыйлықтар жиынтығын тапсыратын болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жөніндегі арнаулы іс-шаралар жоспары бекітілді. 2015 жылғы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Мемлекет басшысының қатысуымен мерейтойлық салтанатты әскери шеру өткізу жоспарлануда. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің