National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Қазақстан күрес федерациясының құрметті президенті, Біріккен күрес әлемінің Бюро мүшесі Дәулет Тұрлыхановты қабылдады

2015 жылғы 31 наурыз

 

Кездесу барысында елде бұқаралық спортты дамыту, соның ішінде жас ұрпақты спортқа баулу мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттаудың, сондай-ақ жоғары жетістіктер спортын дамытумен қатар халықтың дене шынықтырумен және спортпен белсене айналысуы үшін қажетті барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Д.Тұрлыханов отандық спортқа Мемлекет басшысының көрсетіп отырған қолдауы нәтижесінде ірі қалаларда ғана емес, шалғай өңірлерде де қажетті инфрақұрылымдар салынып жатқанын айта келіп, сол үшін алғыс жеткізді. Бұл жағдай қажетті іргетас қалауға мүмкіндік беріп, соның негізінде Қазақстан спортшылары өңірлік және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің