National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровпен кездесу

2014 жылғы 27 қаңтар

 

Министр Мемлекет басшысына 2013 жылдағы жұмыс қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев министрліктің жаңа өкілеттіктерге ие болуы мен оған су ресурстары, аң аулау және орман шаруашылығы жөніндегі, сондай-ақ балық шаруашылығы комитеттерінің берілуінің маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысы білікті кадрларды, атап айтқанда, су ресурстарын басқару және трансшекаралық өзендер мәселелері жөніндегі халықаралық келіссөздерді жүргізу саласындағы мамандарды даярлау жайына назар аударды.

Бұған қоса, Қазақстан Президенті халықаралық тәжірибені ескере отырып, елімізде «жасыл экономиканы» дамытуға үйлестірілген және кешенді көзқарас қалыптастыру қажеттігіне тоқталды. 

Кездесу барысында Н.Қаппаров ведомствоның «жасыл экономика» саласындағы қызметі жайлы, сондай-ақ су ресурстары мен тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеу туралы хабардар етті.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы белгіленген бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды, атап айтқанда, аталған бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды бастауды тапсырды.     

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің