National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысты

2015 жылғы 29 қыркүйек

 

Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын және оларды шешу жолдарын баяндады.

Елбасы ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екеніне назар аударды. Сол үшін Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар, сөз сөйлеу барысында  Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу туралы Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау  жөнінде бастама жасалды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық құқық қағидаттарын жаһандық саясаттың барлық қатысушылары сақтауы маңызды екенін атап көрсетті және 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыру идеясын жариялады.

Соңында Қазақстан Президенті терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау, жасыл технологияларды дамыту, сондай-ақ БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселелеріне тоқталды.

Елбасының сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына жерден қараңыз. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің