National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Түркияның тоғызыншы Президенті Сүлеймен Демирелдің қайтыс болуына байланысты Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

2015 жылғы 17 маусым

 

Қазақстан Президентінің көңіл айту жеделхатында түрік халқының ғана емес, барша түркі әлемінің мақтанышы болған, дүниежүзілік деңгейде кеңінен танымал саяси және мемлекет қайраткерінің өмірден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Мен Сүлеймен Демирелді адал әрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым. Біз жиі кездесіп, пікір алмасып отырдық, көптеген игі бастамаларға жол аштық. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, кемеңгер көсем, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынастарға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткерлер қатарындағы көрнекті тұлға ретінде әрдайым есте сақтайды», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға және бүкіл Түркия халқына шын ниетпен көңіл айтты. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің