National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция және қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

2017 жылғы 29 тамыз

Іс-шараға Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдар жетекшілері, халықаралық ұйымдар өкілдері, таяу және алыс шет елдердің құқық саласының сарапшылары, еліміздің ғылыми қауым өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы конференцияда Қазақстан Президентінің форумға қатысушыларға арналған құттықтауын оқып берді.

Құттықтауда Мемлекет басшысы конституциялық реформа еліміз дамуының 25 жылдық тәжірибесін және жұртшылық пікірін ескере отырып жүргізілгенін атап өткен. Оның негізі – билік тармақтары арасында бірқатар өкілеттіктерді қайта бөлу, Парламент пен Үкіметтің дербестігін кеңейту, конституциялық құндылықтарды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайту, сот жүйесі мен мемлекеттік басқаруды жаңғырту.

– Конституциялық өзгерістер қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық саласын одан әрі жаңғыртудың берік негізін қалайды. Осы тұрғыдан Қазақстандағы конституциялық реформа және оны іске асыру қазақстандықтардың да, шетелдік қонақтарымыздың да зор қызығушылығын тудырады, – делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауында.

Сондай-ақ, конференцияда Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Қ.Мәми, Армения Конституциялық сотының төрағасы, Жаңа демократия елдерінің конституциялық бақылау органдары конференциясының төрағасы Г.Арутюнян, Грузия Жоғарғы сотының Төрағасы Н.Гвенетадзе, Венеция комиссиясының өкілі С.Кузнецов және т.б. құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияға қатысушылар Қазақстан Президентінің бастамасымен елімізде жүргізілген конституциялық реформа нәтижелерін айрықша атап өтті. Олар реформалардың Қазақстанды Үшінші жаңғырту ісінің табысты іске асырылуына септігін тигізетініне сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің