National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Ингушетия Республикасының басшысы Юнус-Бек Евкуровтың хаты

2014 жылғы 26 ақпан

 

Өз хатында Ю.Евкуров ингуштердің сан ғасырлық тарихындағы қасіретті датаның бірі 1944 жылғы 23 ақпан екенін атап өткен. Бұл күні ингуш халқы бір сағат ішінде тарихи отанынан айрылды, ал жаппай жер аудару мен қуғын-сүргін салдарынан жартысынан астамы қаза болды.

«Қазақстанның мыңдаған қарапайым тұрғындары біздің халқымыздың сол мүлде адам төзгісіз жағдайда аман қалуына көмектесті. Олар жан күйзелісімізге ортақтасты, баспанасы мен нанын бөлісті, науқастарды емдеп, қайтыс болғандарды жерледі», – делінген хатта.

Ю.Евкуров ингуштер үшін Қазақстан екінші отанға айналғанын және көпшілігі әлі де осы елде тұрып жатқанын, оның толыққанды азаматы болып саналатынын атап көрсеткен. Ол осының бәрі Нұрсұлтан Назарбаев жүргізген саясаттың арқасында мүмкін болғанына тоқталған.

«Ингушетия Республикасы халқының және жеке өзімнің атымнан барша қазақ халқына қиын-қыстау жылдары өз отанынан айырылған адамдарға көрсеткен көмегі үшін шынайы ризашылық білдіремін»», – делінген хатта.

Соңында Ю.Евкуров Қазақстан Президентіне және еліміздің барша көпұлтты халқына бақыт, жақсылық, игілік және бақ-береке тілеген.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің