National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Жалпы бөлім

Жалпы бөлімнің меңгерушісі

Ринат Зәкиұлы МҰХАМЕТКАЛИ

1981 жылы туған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар.

2002-2004 жылдары жеке және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеген.

2004-2009 жылдары Әділет министрлігінің Заңнама департаментінде жетекші маман, бас маман, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.

2009-2010 жылдары Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары болған.

2010-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде инспектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021-2022 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Аппаратының басшысы болған.

2022-2023 жылдары Президент Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.

2023-2025 жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

2025-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Аппарат басшысы болды.

2026 жылғы 31 тамызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімнің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

 

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару