National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Guoyou компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боянды қабылдады

2026 жылғы 16 шілде

ҚХР, Шанхай қаласы

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Guoyou Materials Industry Group Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боян порт инфрақұрылымы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасын талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразияның толыққанды көлік хабына айналу жөнінде өршіл мақсат қойып отырғанын атап өтті.

Осы орайда Президент еліміздің аумағында мультимодальді портты хаб құру туралы бастаманы құптады. Guoyou Materials Group компаниясы Маңғыстау облысында Құрық көпфункционалды портын салуды жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы жылында корпорация жүк өткізу көлемін 15 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы ауқымды жобаны іске асыру теңіз бен теміржол логистикасын ұштастыра дамытып, аймақтағы көлік инфрақұрылымының өткізу ауқымын кеңейте түсетініне, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыратынына сенім білдірді.

Юй Боян Мемлекет басшысына жоба жайында егжей-тегжейлі баяндап, Каспийдегі теңіз тасымалының келешегіне қатысты ой-пікірімен бөлісті. Әңгімелесу барысында портты хаб салу арқылы жұмыс орындарын ашу, саладағы кадрлық әлеуетті нығайту, қазақстандық тауар мен қызметтерді пайдалану сияқты ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге жол ашылатынына назар аударылды.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің