National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндеріне арналған салтанатты концертті тамашалады

2024 жылғы 22 тамыз

 

 

Тәжікстан, Душанбе қаласы

«Кохи Борбад» сарайында өткен гала-концертте Қазақстан мен Тәжікстанның өнер майталмандары, соның ішінде Astana ballet балет труппасы мен симфониялық оркестрі, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының хоры, Hassak этно-фольк тобы және тағы да басқа шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Сахнада қос халықтың танымал музыкалық шығармалары мен әлемдік классика репертуарынан үзінділер орындалып, хореографиялық композициялар ұсынылды.

Бауырлас тәжік халқы Димаш Құдайберген, Айгүл Үлкенбаева, Темірлан Бейсембай (Ratovich), «El Voice» тобы, Фарух Тохтамуратов (Adam) сияқты мәдениет қайраткерлерінің өнерін тамашалады.

 

Қазақстанның мәдениет күндері аясында Душанбе, Худжанд және Бохтар қалаларында мәдениетаралық байланыстарды кеңейтуді көздейтін бірқатар маңызды іс-шара өтеді.Осы аптада Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында қазақтың бас ақыны, хәкім Абай Құнанбайұлының ескерткіш-бюсті салтанатты түрде ашылды.  Бұдан бөлек, Ұлттық музейдегі бірегей жәдігерлерден жасақталған қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі және отандық кинематографтар түсірген фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылды.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің