National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қауіпсіздік Кеңесі


Жаңалықтар

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Ауғанстан мәселесі бойынша өңірлік диалогқа қатысты

Бішкекте Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының/ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің Ауғанстан мәселесі бойынша алтыншы өңірлік диалогы өтті. Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Ауғанстандағы жағдайдың дамуы және оның өңірлік қауіпсіздікке әсері жөнінде пікір алмасты.

Ғизат Нұрдәулетов Ауған аумағындағы жағдайды айқындайтын бірқатар факторды атап өтті. Осы ретте негізгі қауіп бұрынғыша терроризм мен экстремизмнің, заңсыз есірткі айналымының таралуына, қару-жарақ сатуға және заңсыз көші-қонға байланысты болып отыр.

Трансшекаралық суды пайдалану мәселесіне де ерекше назар аударылды.

Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы осы қауіп-қатерлерді барынша азайту үшін Ауғанстандағы жағдайды, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру ісіне көмектесуге бағытталған бірлескен жұмыс қажет екенін айтты.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы