National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Тәжікстанның Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзодамен кездесті

2021 жылғы 20 мамыр

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Махмадтоир Зокирзода Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

 Қасым-Жомарт Тоқаев Махмадтоир Зокирзодаға Тәжікстан Президентімен келіссөздердің табысты әрі жемісті өткенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, Тәжікстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде, заң шығару саласы бойынша бірлесіп жұмыс істеу Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарының бірі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмадтоир Зокирзодаға өзінің Парламент Сенатының төрағасы қызметін атқарған кезіндегі жұмысы туралы айтып, заң шығару қызметі мен парламенттік дипломатия институтының маңызды екеніне тоқталды.

Өз кезегінде Тәжікстан Парламенті төменгі палатасының төрағасы Мемлекет басшысына кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ екіжақты парламентаралық байланыстардың тиімділігі мен даму деңгейінің жоғары екенін жеткізді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің