Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албанияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ықпалдастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Албания халқына бақ-береке тіледі.