National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке құттықтау жеделхатын жолдады

2023 жылғы 14 желтоқсан

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті елінің айтулы жетістікке қол жеткізуімен, атап айтқанда, Әзербайжанның  2024 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы өтетін мемлекет ретінде таңдалуымен құттықтады.

–  Бұл шешім – Сіздің еліңіздің халықаралық аренадағы беделі жоғары екенінің айқын дәлелі. Сондай-ақ Әзербайжанның тиімді және прогрессивті саясаты мен климатқа қатысты жаһандық күн тәртібіндегі асқақ мұраттарға бейілдігін мойындағанын білдіреді. Осынау ауқымды форумды көрікті Баку шаһарында өткізу Орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге елеулі үлес қосып, заманымыздың ең өзекті міндеттерінің шешімін табуға септігін тигізетініне, сонымен қатар аймақтық сипаттағы экологиялық  мәселелерге әлемдік қоғамдастықтың назарын аударатынына сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта. 

Мемлекет басшысы әзербайжандық әріптесіне COP29 конференциясын табысты әрі нәтижелі өткізу  үшін Қазақстанның жан-жақты көмек беруге дайын екенін жеткізіп, шараға белсенді қатысатынын айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің