National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

2023 жылғы 10 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында  еліміздің көлік-логистика әлеуетін жүзеге асыру барысында кездесетін стратегиялық сын-қатерлер қарастырылды.

Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары теміржол, автомобиль, теңіз, әуе көліктері, сондай-ақ құбыр арқылы тасымалдау бағыттарында жиі ұшырасатын проблемаларды шешу үшін атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Мемлекет басшысы транзиттік жүк тасымалын, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалдау ісін дамытудың өзектілігіне назар аударды. Сондай-ақ отандық өнімдерді экспорттау үшін транспорт әлеуетін ұлғайту маңызды екенін атап өтті. Ол үшін инфрақұрылымдық шектеулер мен басқа да кедергілерді жойып, көлік-логистика қызметінің сапасын арттыру және тариф қалыптастыру жүйесін жетілдіру қажет.

Жиын барысында өнеркәсіп, экспорт және транзит әлеуетін қатар дамыту, инфрақұрылым құрылысының заманауи стандарттарын енгізу және көлік-логистика саласының экономикаға мультипликативті әсерін қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша мән берілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Президент Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің