National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады

2022 жылғы 21 ақпан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қызылорда облысында 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.

Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, облыстағы экономиканың негізгі көрсеткіштері – өндірістік өнім көлемі 0,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 14,5 пайызға, жеке инвестиция 11,7 пайызға, сауда 2,4 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй 8,6 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 0,3 пайызға артқан.

Өңірде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында былтыр құны 45,2 миллиард теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылып, 456 жұмыс орны ашылған.

Сондай-ақ кездесу барысында облыс экономикасына тікелей әсер ететін негізгі проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Сырдария өзені деңгейінің күрт төмендеуі, тауарлық газдың көтерме бағасы, тасымалдау тарифінің шығындары мен жергілікті газ үлесін арттыру және агроқұрылымдардағы жер дауы мәселелері туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында атқарылып жатқан жұмыстарды саралай келе, Үкіметпен бірлесіп түйткілді мәселелерді шешу және қолға алынған жобаларды одан әрі жалғастыру жөнінде  тапсырма берілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің