National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы өңірдің белсенді жастарымен кездесті

2023 жылғы 09 наурыз

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Ақсай қаласындағы Жастар ресурстық орталығында өңірдің белсенді жастарымен кездесті.

Президентпен жүздескен жастар өздерінің жетістіктері туралы айтты. Бөрлі ауданы Успен елді мекеніндегі мектеп-балабақша кешенінің директоры Асылхан Қармысов қалада білім алғанымен, ауылды көркейту үшін туған жеріне оралып, еңбек етіп жатқанын жеткізді.

Ақсай қаласындағы №5 мектептің 9-сынып оқушысы Анастасия Золотарь – қазақ тілі мен әдебиеті бойынша өткен бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы. Ол Қазақстан секілді болашағы жарқын елде дүниеге келіп, білім алып жатқанына қуанышты екенін атап өтті.

Түркістан облысының тумасы Диёр Нуруллаев Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Серпін» бағдарламасы бойынша жоғары білім алған. Қазір Ақсай қаласының №4 орта мектебінде физика пәнінен сабақ береді. Ол Мемлекет басшысынан моноқалаларды дамыту бағдарламасында жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Кәсіпкер Кристина Омельяшко Президентке «Бизнес бастау» бағдарламасымен грант алып, өзінің сүйікті ісін табысты кәсіпке айналдырғаны жөнінде айтып берді. Кристинаның қолынан шыққан тоқыма бұйымдарды жергілікті тұрғындар ғана емес, шетелдіктер де сатып алады.

Президент еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың қолында екеніне тоқталып, мемлекет еңбекқор жастарға, олардың идеялары мен ұсыныстарына әрқашан қолдау көрсететінін айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарға жол ашу керек екенін жеткізді.

Сонымен қатар Президент Ақсайға осыдан 23 жыл бұрын келгенін еске алып, қазір қаланың көркейгенін, көшелері ұқыпты, таза екенін атап өтті.

Ақсай қаласындағы Жастар ресурстық орталығы жергілікті тұрғындарға бірнеше бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, орталықта «Болашақ» коворкинг алаңы, «Аяла» қайырымдылық дүкені жұмыс істейді. NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастырумен айналысатын Жастарға қызмет көрсету орталығы да бар. Орталық мамандары жасөспірімдерге, өмірде түрлі қиындыққа тап болған жандарға психологиялық көмек көрсетеді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің