National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

2026 жылғы 21 ақпан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары келіп түсті.

Мемлекет басшысын және Қазақстан халқын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Сауд Арабиясының Королі, Қос киенің сақшысы, Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Вице-президент, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары және Президент Әкімшілігінің басшысы Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн, Марокко Королі VI Мұхаммед, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Алжир Президенті Әбделмәжид Теббун, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарик, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах,  Израиль Президенті Ицхак Герцог, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Мавритания Президенті Мохамед Улд шейх Әл Газуани, Сенегал Президенті Басиру Диомай Диахар Фай, Ливия Президенттік кеңесінің төрағасы Мұхаммед Юнис әл-Манфи, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Хиссейн Брахим Таха, ИСЕСКО Бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Малик және басқалары құттықтады.

Президенттің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 03 маусым

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

2026 жылғы 03 маусым

Қазақстан мен Кипр президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Жарлық

2026 жылғы 03 маусым

Е.Н. Жиенбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің